Корь на казахском языке
Содержание статьи
Қызылша (корь)
Қызылша ауруы
Қызылша (корь) — парамиксовирустармен қоздырылатын, ауа-тамшылы механизм арқылы берілітін, клиникасы циклді ағымымен, қызбамен, интоксикация белгілерімен, катаральды синдроммен, макулопапулезді бөртпемен және ерекше энантемалармен сипатталатын жедел жұқпалы ауру.
Қызылша жаппай таралған ауру. Бұрын қызылшамен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар ауруға өте қабілетті, әрі олар кез-келген жас шамасында ауыруы мүмкін. Қызылшаға қарсы вакцинация жүргізілгенге дейін, 95% балалар қызылшамен 16 жасқа дейін ауырған. Ал қызылшаға қарсы егу жұмыстары кең жүргізілгеннен кейін, қызылшамен ауыру едәуір төмендеген. Бірақ қызылша ауруы сақталған және соңғы жылдары оның өсу тенденциясы байқалып отыр. Қызылшадан толық сақтану үшін 15 айлық жасқа дейінгі сәбилердің 94-97%-на иммунизация жасау керек. Бұны тіпті дамыған елдерде де іске асыру қиын. Сырқаттанудың басым мөлшері ересек жастағы адамдардың арасында байқалуда (мектеп жасындағы балалар, жасөспірімдер, әскери қызметкерлер, студенттер және т.б.). Бұл иммунизациядан кейін 10-15 жылдан соң иммунитеттің төмендеуімен біршама байланысты.
Тарихи мәліметтер. Аурудың қоздырғышы — вирус екенін 1911 ж. Андерсон және Гольдбергер анықтаған. Қызылшаның клиникалық көріністерін зерттеген ғалымдар: Н.Ф.Филатов, Д.И.Доброхотова, С.Д.Носов, Л.В.Быстрякова, В.Ф.Попов, И.Ж.Жаинбаев.
Қызылша этиологиясы. Қызылша қоздырғышы (Polinosa morbilliorum) парамиксовирустарға қатысты. Қызылша вирустарының тегіне, сондай-ақ ит пен ірі қара мал обасының вирустары да кіреді. Қызылша вирусы морфологиялық жақтан басқа да парамиксовирустармен ұқсас, оның вирионының диаметрі 120-250 нм. Қабықтары 3 қабаттан тұрады — белоктық, липидтік, гликопротеидтік. Құрамында РНҚ бар. Маймылдар үшін де патогенді. Сыртқы ортада төзімсіз. Қоздырғыш организмде ұзақ персистенцияланып, аурудан кейін баяу дамитын инфекция — жеделдеу склерозды менингоэнцефалит дамуы мүмкін.
Эпидемиологиясы. Жұқпалы аурудың көзі — тек қана науқас адам. Ол жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күнге дейін сыртқы ортаға қызылша вирустарын бөледі. Бөртпенің 5-ші күнінен бастап аурудың жұғу қауіпі жойылады. Инфекцияның берілу механизмі — ауа-тамшылы. Ауруға жоғары қабылдаушылық тән. Контагиозды индексі бұрын 1,0 болған, вакцинациядан кейін -0,1-0,2. Ауру жыл бойына тіркелгенмен, оның өршу мерзімі қарашадан наурызға дейін байқалады.
Қызылша патогенезі. Инфекцияның кіру қақпалары — жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабықтары. Вирус тыныс алу жолының эпителийінде көбейеді. Жасырын кезеңнің соңғы күндерінде, бөртпе шыққаннан кейінгі 1-2 күн ішінде, вирусты қаннан бөлуге болады. Қоздырғыш бүкіл ағзаға гематогенді таралады. Жасырын кезеңнің аяғында вирусемияның тым шиеленіскен 2-ші толқыны байқалады. Вирусты сондай-ақ кеңірдектің шырыш қабықтарынан, бронхтардан, кейде дәреттен табуға болады. Гиперплазиялы лимфоидты тіндерден, соның ішінде лимфа түйіндерінен де, көмекей бездерінен, көкбауырдан гигантты ретикулоэндотелиоциттерді табуға болатыны анықталған. 3-ші күні вирусемия бірден төмендеп, 4-ші күні вирус әдетте табылмайды. Қызылша кезінде ағзаның ерекше аллергиялық құрылысы дамиды, ол ұзақ уақыт сақталады. Қызылша анергия жағдайына алып келіп, залалданған адамдарда аллергиялық реакциялардың (туберкулин, токсоплазмин және т.б.) жойылуы көрінген, сондай-ақ созылмалы аурулардың (туберкулез және т.б.) асқынуы байқалған. Иммунодепрессия бірнеше ай сақталады. Африка елдерінде, қызылша өршігеннен кейінгі бірнеше айдың ішінде, балалардың арасында ауру мен өлім қаупі, қызылшамен ауырмаған балалармен салыстырғанда 10 есе артық екені анықталған.
Ауруды бастан өткізгеннен соң тұрақты иммунитет қалыптасады. Аурудың қайталануы сирек. Вакцинациядан кейінгі иммунитет тым қысқа мерзімді (егуден соңғы 10 жылдан кейін егілгендердің тек 36%-да ғана қорғаушы антиденелердің титрлері сақталады). Вакцинаға реакция байқалған адамдар айналасындағылар үшін қауіпсіз.
Қызылшаның клиникалық көріністері. Қызылшаның жасырын кезеңі 9-11 күнге созылады. Иммуноглобулинмен алдын алу шараларын жүргізу барысында, оның 15-21 күнге дейін созылуы мүмкін. Ауру циклді түрде дамиды. Бастапқы немесе продром кезеңі дене қызуының 38-39°С дейін көтерілуімен, шаршағыштықпен, тәбетінің нашарлауымен сипатталады. Катаральды көріністер қалыптасады. Құрғақ жөтел басталады, конъюнктивит, склерит, жарықтан қорқу, блефароспазм пайда болады. Ұсақ қызыл дақты қызылша энантемалары (Филатов-Коплик-Бельский дақтары) пайда болады, ол жиі жұмсақ және қатты таңдайдың шырышты қабықтарына жайыла бастайды. Оның сыртқы түрі ұнтақ жармасына немесе кебекке ұқсайды. Экзантеманың пайда болуымен олар жойылады. Бастапқы кезеңнің аяғында (3-4-ші күні) дене қызуы төмендеп, содан кейін қызылша бөртпесінің пайда болуымен, қызба қайтадан аса жоғары деңгейге дейін көтеріледі. Бөртпе кезеңі дақты-папулезді бөртпенің пайда болуынан басталады. Қызылша экзантемалары бөртпенің сатылы шығумен сипатталады: 1-ші күні бөртпе элементтері бет және мойында пайда болады; 2-ші күні — кеудеде, қолдарда, жамбаста, 3-ші күні бөртпе аяқ пен табандарды қамтиды, ал бетте ол ағара бастайды. Бөртпе бет және мойында, кеуденің жоғарғы тұстарында жиі орналасады. Элементердің диаметрі -10 мм. 3-4 күннен кейін бөртпе ағарып, олардың орнында пигментация қалады. Одан әрі кебек тәрізді қабыршақтану байқалады (бетте, кеудеде).
Аймақтық лимфа түйіндері (мойын және шүйде) үлкейеді және оларды пальпациялағанда ауырсыну сезімі анықталады. Балалардың 50%-да көкбауыры үлкейеді Өкпеде шашыраңқы құрғақ сырыл, кейде көпіршікті ылғалды сырыл естіледі. Кейбір науқастарда ішінің ауыруы және өтуі байқалады.
Митигирленген қызылша. Жасырын кезең барысында профилактикалық иммуноглобулин енгізілсе немесе қан мен плазма құйылса залалданған адамдардың ауруы жеңіл түрде өтеді. Ол ұзарған жасырын кезеңмен (21 күнге дейін) ерекшеленеді, әдетте ол дене қызуының аздап көтерілуімен өтеді, Бельский-Филатов-Коплик дақтары байқалмайды. Асқынулары болмайды.
Қызылшаға қарсы тірі вакциналарды енгізу барысында егілген адамдардың 25-50%-да әртүрлі реакция көріністері тіркеледі. Жасырын кезең дегенмен де 9-10 күнге дейін қысқарады. Дене қызуының көтерілуі, жоғарғы тыныс алу жолдарының катары, мардымсыз макулопапулезді бөртпе байқалады. Кейбір балаларда құрысу және лоқсу болуы мүмкін.
Қызылшаның клиникалық көріністері
Иммунды жүйесі бұзылған науқастардағы қызылшаның ағымы. АИВ-инфекциямен залалданғандар және онкологиялық науқастарда аурудың ағымы ерекше болады. Көп жағдайда (80%) қызылшаның өте ауыр өтетіні белгілі. Онкологиялық науқастардың қызылшамен ауырғандарының 70%-да өлім қаупі байқалса, АИВ-залалданғандарда — 40%. Өте ауыр ағымға қарамастан, науқастардың 30%-да экзантема жойылады, ал 60%-да — бөртпе атипті болады. Ауыр асқынулар жиі дамиды (энцефалит, өкпе қабынуы және т.б.).
Қызылша асқынулары. Тыныс алу жолдары шырышты қабықтарының қызылша вирусымен зақымдануы бронхиттің, жалған круптың, бронхиолиттің, өкпе қабынуының дамуына алып келуі мүмкін. Өкпе қабынуының кейбір түрлерінде басты рольды вирус атқарады. Көздің дәнекер қабығынан басқа, кейде көздің мөлдір қабығы да зақымға ұшырайды. Сирек дамитын асқынуларға миокардит, гепатит, гломерулонефрит жатады.
Ауыр асқынуларға орталық жүйке жүйеснің зақымдануы (энцефалит, менингоэнцефалит) жатады (1000 науқастың 1-де). Энцефалиттің белгілері экзантема пайда болғаннан кейін 1 аптадан соң білінеді, кейде кеш пайда болуы да мүмкін (2-3 аптадан кейін). Дене қызуы қайтадан көтеріліп, ағзаның улануы, ұйқышылдық, ақыл-есті жоғалту, амимия, нистагм, бет жүйкесінің невриті, аяқ-қолдың салдануы, іш рефлекстерінің жойылуы білінеді.
Шеткі қанда лейкопения, лимфоцитоз, ЭТЖ жоғарылайды.
Диагностикасы. Аурудың шиеленісу кезеңінде типті қызылшаның диагнозы қиындық тудырмайды. Қызылша экзантемасының пайда болуына дейінгі бастапқы кезеңде, диагноз төменгі қабақтың ісінуімен қатар көздің дәнекер қабығының қабынуына, үстіңгі тыныс алу жолдарының катарына, энантемаға, Бельский-Филатов-Коплик дағының анықталуына, бөртпенің дақты-паулезді, қосылуға бейім бөртпелердің сатылы түрде дамуына негізделеді.
Егілген науқастардағы аурудың атипті ағымын анықтау өте қиын. Ауруды қызамықтан, энтеровирусты экзантемадан, Розенбергтің инфекциялық эритемаларынан, аллергиялық бөртпеден, жұқпалы мононуклеоздан ажырату керек. Ол үшін лабораториялық әдістер қолданылады. Бастапқы кезеңде және бөртпеден кейінгі алғашқы 2 күнде қақырықтан, мұрын шырышынан немесе дәреттен көп ядролы гигант клеткаларын табуға болады. Осы материалдан, дақылды клеткаларындағы, қызылша вирус бөліп алуға болатыны белгілі. Вирусты иммунофлюоресценция әдісімен анықтуға болады.
Серологиялық әдістер кең қолдануда: ТГАР, КБР, ИФА. IgM класына жататын антиденелер аурудың жедел түріне сәйкес келеді, ал IgG класына жататын антиделер бұрын болған инфекцияны немесе вакцинация болғанын көрсетеді. ПТР нәтижелі болады.
Қызылша емі. Этиотропты емі жетілмеген. Клиникалық белгілері білінгенде қызылшаға қарсы иммуноглобулин ешқандай әсер бермейді. Науқас үйде емделуі тиіс. Ал ауруханаға асқынған жағдайда және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жатқызылады. Қызба кезеңінде төсектік режим ұсынылады. Төсекті көзге күн түспейтіндей қою керек. Науқасқа көп мөлшерде сұйықтық беріледі, жеміс шырындары, витаминдер. Көзге 20% сульфацил-натрий ерітіндісі, күніне 3-4 рет пайдаланылады.
Антибиотиктер тек қана аурудың бактериальды асқынулары дамығанда тағайындау керек: ампициллин, цефалоспориндер, макролидтер.
Алдын алу шаралары. Қызылшаға қарсы пассивті иммунизация жүргізу керек. Пассивті иммунизация 3 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, туберкулезбен ауыратын науқастарға, әлсіз иммунды жүйелі адамдарға көрсетілген. 3 жастан жоғары қызылшамен ауырмаған, әрі қызылшаға қарсы егілмеген балаларға жедел түрде қызылшаға қарсы вакцина егілуі керек. Ауру кезінде баланы балалар мекемесіне 17 күн бойы жібермеу қажет, ал профилактикалық иммуноглобулин қолданғандарды -21 күн.
Қызылшадан сақтандырудың сенімді әдісі тірі вакцинамен иммунизация жасау. Бұл егу қорғаушы әсерді 15 жыл бойы сақтайды. Тірі вакцинаны жүкті әйелдерге, туберкулез, лейкоз және лимфомамен ауыратын науқастарға, сондай-ақ АИВ-залалданғандарға белгілемейді. Көп елдерде вакцинаны екі дозада қолданады. Бірінші вакцинаны 1 жасқа жақын балаларға енгізсе, 2-ші егуді 15-18 айлық балаларға жасайды. Иммунизация барысында балалардың 95% жақсы нәтижелілікке жетеді.
Источник
корь
в казахский
А верные христиане с земной надеждой обретут ее только после того, как выдержат последнее испытание по окончании Тысячелетнего правления Христа (1 Кор.
Жерде өмір сүруге үміті бар адал адамдар болса Мәсіхтің Мыңжылдық билігі аяқталған соң көп ұзамай болатын соңғы сынақтан өткеннен кейін ғана мәңгі өмір сүре алатын болады (Қор. 1-х.
jw2019
Но кажется, что Корей завидовал Моисею и Аарону и не мог мириться с их видным положением, почему и сказал — несправедливо сказал,- что они по своему произволу и из корыстных соображений поставили себя выше народа (Псалом 105:16).
Алайда Қорах Мұса мен Һаронды олардың дәрежелерін көре алмай күндегенге ұқсайды, міне, сондықтан ол ана екеуі қатыгездікпен басқарады және өздерін қауымнан жоғары қояды деген әділетсіз сөздер айтқан (Забур 105:16).
jw2019
Ты будешь испытывать радость и душевный покой, делая все «во славу Бога» (1 Кор.
«Бәрін Құдайды дәріптеу үшін істеңдер», сонда жантыныштығына кенеліп, бақытты боласыңдар (Қор. 1-х.
jw2019
2005: «28 дней в году с Вон Бином» Premium набор — DVD & фото эссе (выпущены в феврале 2005 года в Японии) — включает в себя 60-минутное DVD и 144 страницы фотографий и эссе, написанных Вон Бином о его личной жизни и путешествии в Чешскую республику, Японию и Корею для фотосъемок фото.
2005: «Вон Бинмен жылына 28 күн», Premium жиынтық — (2005 жылдың ақапанында Жапонияда шығарылған), — 60 минуттық DVD және 144 беттен, фото және өзінің өмірі туралы, Чехия, Япония, Кореяға фототүсірілім үшін барғандағы саяхатын сипаттау эсселерінен құралған.
WikiMatrix
В Южной Корее в 2004 году было потреблено более 3 миллиардов бутылок соджу.
Оңтүстік Кореяда 2004 жылы 3 миллиардтан астам соджу бөтелкесі қолданылды.
WikiMatrix
Христианин, который «в способности понимать» стал «взрослым», развивает такую признательность и близкие отношения с Иеговой (1 Кор.
Иә, ‘ұғынуға келгенде ересектей кемелді болған’ мәсіхшінің ризашылық сезімі арта береді әрі Ехобамен қарым-қатынасы нығаяды (Қор. 1-х.
jw2019
А еще лучше заниматься личными и мирскими делами в другое время (1 Кор.
Басқа жағдайда, жеке және ғибадатқа қатысы жоқ нәрселермен ғибадат етуге арналған уақыттан өзге кезде шұғылдануымыз қажет (1 Қор.
jw2019
Нас назначили в Корею, хотя после трехлетней войны, закончившейся летом 1953 года, в стране царила разруха.
Біз Кореяға тағайындалдық. Елдің күл-талқанын шығарған үш жылға созылған соғыс 1953 жылдың жазында ғана біткен еді.
jw2019
Borisudan (보리수단) (кор.).
Вальвулит (Valvulitis — жүрек қақпақшаларының қабынуы)- Жүрек қақпағының қабынуы.
WikiMatrix
Если мы выражаем мысли в свойственной нам манере, человек видит, что мы говорим искренне, и чувствует себя непринужденно (2 Кор.
Табиғи мәнермен жеткізгеніміз үй иесінің өзін еркін сезінуіне әрі өзіміздің де шын пейілді және сенімді екенімізді көрсетеді (Қор. 2-х.
jw2019
У них [вступивших в брак] появятся новые трудности в жизни (1 Кор.
Некеге тұрғандар өмірлерінде жаңа қиындықтарға кезігеді (Қор. 1-х.
jw2019
Будем же следить за тем, чтобы всем сердцем ходить в законе Иеговы (1 Кор.
Сондай-ақ Ехобаның заңын әрдайым шын жүректен ұстануға барынша тырысайық (Қор. 1-х.
jw2019
Через свою организацию он научил нас библейским истинам, о которых не знают даже самые образованные люди в этом мире (1 Кор.
Ол өз ұйымы арқылы осы дүниедегі көптеген жоғары білімді адамдардың өзі білмейтін шындықтарды үйретеді (Қор. 1-х.
jw2019
«Нам Бог открыл это через свой дух, ведь дух исследует все, даже глубины Божьи» (1 Кор.
«Бұны Құдай бізге өз рухы арқылы ашты. Өйткені рух барлығын, тіпті Құдайдың терең даналығын да зерттейді» (Қор. 1-х.
jw2019
Бегите же так, чтобы получить ее» (1 Кор.
Ендеше соны жеңіп алатындай болып жүгіріңдер» (Қор. 1-х.
jw2019
Корей не хотел смиренно подчиняться руководству
Қорах кішіпейілділік танытқысы келмей басшылыққа мойынсұнбады
jw2019
Он может укрепить тебя, дав «силу, превышающую обычную» (2 Кор.
Ол бізге «адам күшінен асқан күш» дарытады (Қор. 2-х.
jw2019
12:2; 13:7). Поступая так, мы научимся говорить без акцента на одном, чистом языке и тем самым будем содействовать единству народа Иеговы (1 Кор.
12:2; 13:7). Осының арқасында Құдай халқы бірлікте болып, бәрі де бір тілде сөйлейтін болады (Қор. 1-х.
jw2019
«Твердо стойте в вере… укрепляйтесь» (1 КОР.
«Сенімде нық тұрыңдар… берік болыңдар» (ҚОР. 1-Х.
jw2019
Апостол Павел учитывал интересы тех, кто его слушал, и проповедовал так, чтобы «приобрести как можно больше людей» (1 Кор.
Елші Пауыл тыңдаушыларының «көбін Мәсіх жолына түсіру үшін» оларға бейімделе білген (Қор. 1-х.
jw2019
Уже более 60 лет в Южной Корее перед нашими братьями в возрасте от 19 до 35 лет встает вопрос о прохождении военной службы.
Оңтүстік Кореяда 19 бен 35 жас аралығындағы Куәгер ер азаматтардың әскери қызметке қатысты сынаққа кезігіп келе жатқанына осымен 60 жылдан асты.
jw2019
Например, он внес ряд практических предложений о том, как делать пожертвования (1 Кор.
Мысалы, ол садақа жасауға қатысты бірнеше пайдалы нұсқаулар берген (Қор. 1-х.
jw2019
Рост в Корее происходил у меня на глазах
Кореядағы өсімнің куәсі болдым
jw2019
Филиал в Корее, где я служу как член вефильской семьи
Мен қызмет етіп келе жатқан Кореядағы филиал
jw2019
7 Моисей предложил Корею и его сообщникам собраться на следующее утро у скинии собрания с кадильницами и фимиамом.
7 Мұса, Қорах пен оған ерген кісілерге, ертеңіне таңертең шайыр түтеткіштеріне шайыр салып, қауымның шатырының алдына келуді ұсынды.
jw2019
Источник
Қызылша ауруы (корь)
Қызылша (корь). Бұл аурумен сырқаттанған баланың халі қатты нашарлайды. Дерт жұққан алғашқы күндері баланың тамаққа зауқы соқпай, мұрнынан су ағып, жөтеледі. Көзі жасаурап, былшықтанады. Температурасы көтеріліп, жөтелі күшейе түседі. Көзі қызарып, жасаурап, жарыққа қарай алмайды. Еріндері кезеріп, тамақ ішкісі келмейді. 3-5 күн өткен соң ұртында ұсақ ақ теңбілдер пайда болады.
Тамағы қызарады. Күннен-күнге баланың жалпы жағдайы нашарлап, денесінің қызуы көтеріле береді. Ауырған күннен бастап арада 6-7 күн өткенде бетіне, құлақтарының сыртына, мойнына қызыл бөртпелер шығады, ал келесі күндері дәл осындай бөртпелер көкірегіне, қарнына, қолдарына, ал сонан соң шаттарына, аяқтарына шыға бастайды.
Егер ауру асқынбаса, баланың көңіл күйі бірте-бірте жақсарып, температурасы төмендейді, тамаққа тәбеті шабады. Ал бөртпелер қалай пайда болса, сол тәртіппен кете бастайды, яғни алдымен беттегі, құлақ сыртындағы, мойнындағы, сонан соң кеудедегі, қолдағы, арқадағы, қарындағы, шаттағы, аяқтағы бөртпелер кете бастайды. Теріде бөртпелердің орнында қоңыр теңбілдер қалады. Бұл теңбілдер 2-3 апта өткен соң барып кетеді.
Қызылшамен ауырған бала айналасындағы сау балалар үшін бірінші күннен бастап қауіпті. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері білінісімен тез арада дәрігерге хабарлап, ауру баланы сау балалардан оқшаулаған жөн. Ауру баламен бірге болған балалар 17 күн бойы бала бақшаға, мектепке жіберілмейді.
Қызылшамен ауырған бала үйде дәрігердің бақылауымен емделеді. Егер баланың жағдайы тіпті нашар болса, онда оны аурухананың оқшауланған бөлмесіне орналастыру керек.
Науқас бала ауырған күннен бастап төсекте жатуға тиіс. Егер ол жас нәресте болса, оны жиі- жиі қолға алып, ал ересек бала болса, төсек-орнын жиі-жиі ауыстырып, өзін әлсін-әлсін аударыстырып жатқызған дұрыс. Бұлай ету баланың өкпесінің қабынбауын қамтамасыз етеді.
Бөлменің ауасын жиі-жиі тазартып, күн сайын еденді, терезені, есікті сулы шүберекпен сүртіп отырады. Терезеден бөлмеге күн сәулесі жақсы түсуі тиіс, бірақ оның баланың бетіне түспегені дұрыс. Сырқаттанған бала шуды жақтырмайды, сондықтан да үйде тыныштық болғаны жөн, сонымен бірге тұмауратқан, гриппен және тағы да басқа сырқаттармен ауырып жүрген адамдардың науқас баланың қасына баруына болмайды. Өйткені ауырып, қорғаныс күші әлсіреген бала басқа ауру жұқтырып, жағдайын бұрынғыдан да нашарлатып алуы мүмкін.
Ауру баланың бетін күн сайын тамақ ішер алдында жуып, гигиеналық тазалықты міндетті түрде сақтау керек. Егер денесінің қызуы 38 градустан аспаса, науқас баланы шомылдыруға болады. Көзінің былшығын жиі-жиі тазартып отырады. Ол үшін 2 проценттік фурациллин ертіндісіне (1 таблетка фурациллинді бір стакан қайнаған суға езу керек) немесе бор қышқылының ертіндісіне (1 шай қасық бор қышқылын 1 стакан қайнаған суға езу керек) малынған мақтамен, таза орамалмен сүртіп отыру қажет. Бұл үшін дәрігер жазып берген көзге тамызатын сұйық дәрілерді де пайдалануға болады.
Баланың жақсы дем алуы үшін мұрнын да тазалап отырады. Алғашқы күндері баланың мұрнынан су жиі ағып, оны сүртіп алуға мүмкіндік болса, ал 2-3 күннен кейін мұрны қатты бітіп дем ала алмай қалады. Мұндайда сода ертіндісінің (жарты шай қасық соданы 1 стакан суға ерітіп) (3-5 тамшысын немесе сәл жылытылған 1-2 тамшы вазелинді (немесе кез келген өсімдік майын) тамызып жібітіп, мақтаны ширатып алып мұрынды тазартуға болады. Сонан соң дәрігердің нұсқауымен берілген сұйық дәріні тамызу қажет.
Ауыздың іші мен тіл қабынбас үшін, бала тамақтанып болған соң аузын қайнатылған таза сумен немесе марганцовкамен, фурацнллинмен немесе сода ертіндісімен шаю керек. Ал ересек балалар тістерін күн сайын щеткамен тазалап отырулары тиіс. Жас нәрестелерге қайнаған су, лимон қосылған шай, немесе минералды су ішкізген пайдалы. Еріндері кезеріп жарылса, вазелин, сары май немесе кез келген өсімдік майын жағуға болады.
Науқас баланың тамаққа тәбеті болмай, ас ішуден бас тартса, онда аз-аздан әрі жиі-жиі тамақтандырып отыру керек. Тамақтың сұйықтау болғаны дұрыс. Алманы және көкөністерді ауру балаға майдалап береді. Сырқат балаға сүт, әр түрлі жеміс-жидектердің шырындарын, көже, сорпа, булап пісірілген балық немесе басқа де еттер (құс, сиыр еттері) пайдалы.
Балаға жиі-жиі 3 проценттік глюкоза ертіндісін, рингер ертіндісін, жеміс-жидек шырындарын, минералды сулар берген дұрыс. Ал температурасы басылып, жағдайы жақсара бастағаннан кейін балаға бұрын ішкізіп жүрген тамақтарын біртіндеп бере бастауға болады.
Бала науқасынан айыққаннан кейін де үш-төрт апта бойына, кейде 2-3 айға дейін әл жиып, бұрынғы қалпына келе алмайды. Осы кезде баланың күтімі жақсы болуға тиіс. Тамағын мезгілінде беріп, түсте ұйқтауына көңіл бөлу және таза ауада жиі серуендеуіне, ойнауына назар аударған жөн. Баланың тамақ рационында әр түрлі көкөніс, жеміс-жидек және шырындар, шағын мөлшерде бал да пайдаланған дұрыс.
Біздің елімізде қызылшаға қарсы егу жаппай қолға алынған. Балаға алдын ала қызылшаға қарсы егу жұмысы дұрыс жүргізілсе, онда ол ауырмауға тиіс. 15 айлық балаға бір-ақ рет егеді. Егудің нәтижелі болуы үшін оны бала сау кезде жүзеге асыру керек. Егу баланың көңіл-күйіне айтарлықтай әсер етпейді, кейде 7-11 күн өткеннен кейін аздап денесінің қызуы көтеріліп, мұрнынан су ағады, аздап жөтеледі, денесіне қызылшаға ұқсас қызғылтым бөртпелер шығуы мүмкін. Бірақ, бұл жағдай көпке созылмайды, тез өтеді.
Қызылша — вирустан тарайтын жұқпалы ауру. Негізінен 1-7 жастағы балалар ауырады. Ауру қоздырғыш вирустар түкірік, қақырық немесе балалардың ойыншығына жабысқан шаң-тозаң арқылы жұғады.
Ауру қабынудан басталады: дене қызуы көтеріледі, тұмау мен құрғақ жөтел пайда болып, даусы қарлығады, көзден жас ағып, ауру бала жарыққа қарай алмайды. Ауру басталғаннан кейін төртінші күні баланың маңдайында, құлақ түбінде, бүкіл бетінде, денесінде және аяқ-қолында бөртпе пайда болады.
Бөртпе шыққаннан кейін науқас баланың жағдайы ауыр болуы мүмкін. Бұл кезде оның дене қызуы көтеріліп, беті ісінеді. Ал 4-5 күн өткен соң бөртпе бозғылттанып, қабыршақтана бастайды. Мұны айығу кезеңі деп атайды.
Қызылша қауіпті ауру емес. Бірақ, дұрыс емдемей, ауру асқынып кетсе, өкпе немесе ортаңғы құлақтың қабынуына әкеледі. Қызылшамен бір рет ауырған адамда иммунитет пайда болады да, ол екінші қайталап ауырмайды.
Қызылша ауруы жайлы қосымша ақпарат
Қызылша — балаларда жиі кездесетін өте жұқпалы ауру. Егер қызылшамен бала жас кезінде ауырмаса, онымен адам үлкейгенде де ауыра береді. Бұл ауруды вирус қоздырады, ол ауру баладан сау балаға ауа арқылы жұғады. Вирус ауамен араласып, қатардағы бөлмелерге, коридорларға тез өтіп шығады. Сондықтан дені сау бала ауру баламен бір бөлмеде болмаса да қызылшаны жұқтырып алуы мүмкін.
Қызылша 9-17 (егілген балаларда 21-28) күн шамасындай жасырын жүреді де, кейін оның белгілері біліне бастайды. Қызылшамен ауырғанда алдымен көз, ауыз және жоғары тыныс жолдарының кілегей қабықтары қабынады. Баланың ыстығы көтеріліп, денесі ауырлайды, жөтеледі, түшкіреді, екі көзі жасаурап, жарыққа қарай алмайтын болады. Ауыздың ішкі кілегей қабығында ақ түсті ұсақ теңбілдер пайда болғаны байқалады. Бұл қызылшаның денеге бөртпе шықпай тұрғандағы айқын белгілерінің бірі.
Аурудың екінші кезеңінде (ауру басталған күннен бастап санағанда 3-4 күн өткеннен кейін) баланың жалпы халі ауырлайды, дене қызуы онан әрі көтеріліп, 39-40 градусқа жетеді, денесіне ірі қызыл бөртпелер шыға бастайды. Алғашқыда қызыл бөрткен баланың бетіне, тамақ астына, құлақ сыртына, екінші күні кеудесіне, қолына шығады. Үшінші күні бөртпе іштің төменгі жағына және аяғына шығады.
Бөртпе шыққан кезде бала өте мазасызданып, жөтелі күшейеді, дауысы қарлығады. Егер бала қызылшаның ауыр түрімен ауырса, онда ес- түсін білмей, сандырақтап жатады. Бала мұндай халде 4-5 күнге созылады. Содан кейін денедегі бөртпелер бірте-бірте жоғалып, денеде қоңыр дақтар қалады. Мұны қызылшаның пигментациясы деп атайды. Баланың температурасы төмендеп, жөтелі азаяды, сөйтіп ол жазылуға бет алады. Бөртпелер басылғаннан кейін баланың терісі қауыз сияқтанып түлей бастайды.
Қызылша асқынбаса, арнаулы емді керек етпейді. Бірақ ауырған баланың өзіне лайықты күтімі болуы керек. Ал қалай күту керек екенін емдеп жүрген дәрігерден сұрап, оның айтқандарының бәрін орындап отырған жөн.
Баланың киімін, төсек-орнын таза ұстап, жатқан бөлмесінің ауасын мезгіл-мезгіл желдетіп отыру керек. Кейбір аналар баланың көзіне жарық түспесін деп терезені қараңғылайды. Бұл дұрыс емес, өйткені күн сәулесі де ауру балаға өте пайдалы. Тек күннің көзі немесе шамның жарығы ауырып жатқан баланың көзіне тура түспейтін болсын.
Баланың көзін бор қышқылының 2% ертіндісімен немесе салқындатылған қайнаған сумен жуып тұрған жақсы. Ал баланың әрбір көзін өз алдына бөлек мақтамен жуған дұрыс. Көзді жуғанда дәріге батырып алған мақтаны мұрынға қарай жүргізе жуу керек.
Ауру балаға көбінесе жеміс, көкөніс және сүттен пісірілген жеңіл тағамдар берген пайдалы, ыстығы көтерілген кезде әлсін-әлсін қайнаған салқын суды немесе жеміс шырынын ішкізу керек. Жас баланы қызылшамен ауырған кезде емшектен шығаруға болмайды, өйткені ана сүтінде әр түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін күшейтетін заттар бар.
Қызылшаны жеңіл ауру, емдемей-ақ бала жазылып кетеді деп есептеу дұрыс емес. Қызылшадан кейін ауру асқынбаса да, бұл организмнің қорғану күшін әлсіретеді. Сондықтан бала басқа ауруларға тез шалдыққыш келеді. Әсіресе бұрыннан денсаулығы нашар және бір жасқа толмаған жас балалар қызылшамен қатты ауырады. Басқалардан гөрі мұндай балалардың өкпесі жиі қабынады.
Өкпе қабынуының клиникалық ерекшеліктерін және ауырған баланы емдеп күтудің әдісін «жас баланың өкпе қабынуы» деген кітапшаны оқуға болады.
Қызылшамен ауырып әлсізденген балалардың ауызы жиі уылатын болады (стоматит). Аузы уылғанда тістің еті, тіл, таңдай, кейде жұтқыншақтың, әр жері күлбіреп ағарады. Күлбіреген жерлер кейін жараға айналып кетеді, баланың ыстығы көтеріліп, жалпы көңіл- күйі нашарлайды, ұйқысы бұзылады, тамақ іше алмайтын болады.
Ауызы уылған балаға С витамині көбірек жұмсақ тағамдарды жылытып сұйық етіп берген пайдалы.
Ауруды емдеу әдісін дәрігер белгілейді. Тағайындалған дәрі-дәрмекті ішкізумен қатар баланың аузын түрлі дәрілермен, атап айтқанда марганец қышқылды калий, ривакол, таннин, ерітінділерімен шаяды.
Ауыздың уылуын болдыртпаудың басты шарты — қызылшамен ауырған баланың ауыз кілегей қабықтарын ұқыпты күту.
Қызылшада болатын асқынудың түрі — жоғарғы тыныс жолы кілегей қабықтарының қабынуы. Мұның өзі баланың өміріне өте қауіпті.Жас баланың тамағы бітіп тынысы тарылып, демалысын қиындатып, өміріне қауіп төндіреді.
Қызылшадан кейін баланың организмі дифтерия ауруына да шалдыққыш келеді. Сондықтан егер қызылшадан жазылып келе жатқан кезде баланың тыныс тарылғаны байқалса, оның не себептен болғанын анықтау қиынға соғады. Баланы тезірек дәрігерге көрсетіп сақтық ретінде дифтерия ауруын емдеуде қолданатын шараларды істеу қажет.
Қызылшамен ауырған балада былақ ауруы да (құлақ ішінің қабынуы) кездесіп қалады.
Былақ болған баланың құлағы шаншып, солқылдап ауырады, дене қызуы көтеріледі, ұйқысы қашады. Ол басын шайқап, жылай береді. Егер құлағы іріңдеп, жиналған ірің тұрып калса, бала қатты азап шегеді.
Ауруды емдеу әдісін мұндайда дәрігердің өзі белгілейді. Ол тиісті дәрі-дәрмекті қолданумен қатар қажет болса құлақ ішіндегі дабыл жарғақты тесіп, тұрып қалған іріңнің ағып кетуіне жол ашады. Осыдан кейін ауру бәсеңдейді. Аяғына дейін мұқият емделмесе былақ созылмалы түрге айналып кетуі ықтимал. Мұндайда құлақтан ірің аздап ағып жүреді. Ауру бірде бәсеңдеп, бірде күшейіп кетеді. Ауырған құлақ бара-бара шала еститін болып қалуы да мүмкін.
Былақтың асқынуынан бас сүйектің іріңдеуі немесе құлақ ішіне жиналған іріңнің миға шабуы бала өміріне өте қауіпті. Соңғы жылдарда әр түрлі антибиотиктердің арқасында бұл аурулар сирек кездесетін болып жүр.
Сонымен былақ ауруына жеңіл қарауға болмайды. Құлағы ауырған баланы уақытын өткізіп алмай, дер кезінде дәрігерге көрсетіп емдеу керек.
Қызылшамен ауырғаннан кейін білінбей жүрген дизентерия, туберкулез ауруларының да өршіп кететінін естен шығармау керек.
Асқынып кетеді-ау деген жағдайда дереу дәрігерді шақырып, үйде емдеуге мүмкіншілік болмаса, баланы ауруханаға орналастырған жөн.
Дәрігердің белгілеуі бойынша жұмсалған антибиотиктер қызылшаның әр түрлі асқынуларын емдеуде жақсы нәтиже береді.
Қызылшамен ауырған баламен араласып жүрген 4 жасқа дейінгі сау балаларды қызылшаға қарсы еккізу керек. Балаларды 21 күнге дейін сау балаларға қосуға, балалар мекемелеріне жіберуге болмайды. Мұндай сақтық шаралары тек медицина қызметкерлері арқылы ғана жүргізіледі. Сондықтан қызылшамен ауырған баланы дереу дәрігерге көрсету керек.
Баланы кызылшадан алдын ала сақтау үшін ектірудің пайдасы зор. Егілген бала қызылшамен ауыра қалған күннің өзінде де оның ауруы егілмеген балаларға қарағанда жеңіл өтеді. Сондықтан бұл шараны ата-аналар күнілгері қолданулары керек.
Мына жазбаларды да оқуға кеңес береміз:
Құлақтың қабынуы Отит ауруының негізгі белгісі.
Тонзиллит ауруының негізгі белгілері себебі мен салдары.
Кризис термині медицинада қандай мағына береді?
Өкпенің қабынуы сипаттамасы және негізгі белгілері.
Источник